2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Ол таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған.

Іс-шараға жеті мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. 1100-ден астам мобильді топ жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық және 1074 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды.

Жалпы "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы бері (2024 жылдың сәуірінен бастап) 1802 стихиялық қоқыс орны анықталды.

441 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықтарды жою туралы 1268 ұйғарым жолданып, олар бойынша 1041 қоқыс үйіндісі жойылды.

"Азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз. Белгіленбеген жерлерде қоқыс тастамаңыздар. Тек бірлесіп қана біз елімізді таза әрі қауіпсіз ете аламыз", – деп атап өтті ІІМ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды