ІІМ: Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды

Фото: primeminister.kz
Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері жайылымда жүрген ірі қара малды ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.

Бүгінде аталған топтың жергілікті тұрғындарға тиесілі 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді. Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында сатқан.

Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, соңғы екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды.

Мал ұрлығымен күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда мал ұрлығы қылмыстарының саны 64%-ға азайған.

Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.

Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды. Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды