Алматы және Шымкент зообақтары жақсы жаңалығын бөлісті

Сурет: instagram/almatyzoo
Алматы зообағының әкімшілігі жақсы жаңалығын бөлісті. Белгілі болғандай, бірден екі ақ қасқыр жұбының төлі дүниеге келген. Мамандар толығырақ мәлімет беріп, өсіп келе жатқан бөлтіректердің суреттерін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Бит есімді еркек қасқыр мен Скaди есімді ұрғашы қасқырдың бөлтіректері 3 мамырда дүниеге келсе, Сэм мен Бакара жұбында 28 сәуірде төлдеген.

Алғашқы күндері қамқор аналықтар бөлтіректерін жасырып ұстаған, алайда қазір олар өздігінен сыртқа шыға бастады.

Зообақ мамандары мынадай қызық ақпаратты бөлісті:

"Ақ қасқырлардың бөлтіріктері туғанда сұр немесе қоңыр түсті болады — бұл түс оларға көлеңкеде жасырынып, жыртқыштардан қорғануға көмектеседі. Өскен сайын түстері өзгереді де, олар ата-анасына ұқсап, аппақ болады. Бұл түс оларға қысқы табиғатпен үйлесіп, көзге түспеуге мүмкіндік береді".

Сонымен қатар Шымкент зообағында үкілердің жұбынан балапан дүниеге келген.

"Қазір оған 1 ай толды. Балапан ұядағы анасымен бірге. Қызметкерлер күн сайын оны бақылап, жағдайын мұқият тексеріп отырады. Қоректенуі жақсы, дамуы тұрақты", - делінген Шымкент зообағының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Балапан анасымен бірге өз ұясында. Қызметкерлер күнделікті бақылап, жағдайын мұқият қадағалап отыр. Азықтануы жақсы, дамуы да тұрақты жүріп жатыр.⠀

Туған кезде қауырсыны ақшыл әрі өте жұмсақ болған. Қазір ол біртіндеп өзгеріп, ересек үкілерге тән түске айналып келеді – бұл үкілерге тән табиғи процесс.⠀

"Айта кетейік, үкілердің зообақта көбеюі — өте сирек құбылыс. Сондықтан бұл балапанның дүниеге келуі – біз үшін үлкен жетістік. Құс санын табиғи жолмен көбейтіп жатқанымызға қуаныштымыз!"Шымкент зообағының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды