Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 23 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Атом энергиясы агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың Telegram-каналында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

2025 жылдың 18 наурызында Алмасадам Сәтқалиев жаңа Атом энергиясы агенттігін басқарды. Содан кейін ол Энергетика министрі қызметінен босатылды.

2025 жылдың 25 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасары: Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетовті тағайындады.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды