Талдықорғандағы қонақүйде кісі өлімі тіркелді

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 24 мамыр түні Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, оқиға орнынан 12 пышақ жарақатын алған әкімшінің денесі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының айтуынша, ізін суытпай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.

"Талдықорғандағы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өртке қатысты қосымша мәлімет ұсынды.

Белгілі болғандай, өрт 04:14 кезінде қонақүйдің бірінші қабатында тіркелген.

"От ресепшн аумағында тұтанып, 20 шаршы метр жерді шарпыды. Өрт 04:29-да толық сөндірілді. Құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады", - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз