Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылып, қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады

Сурет: unsplash
Қар мен нөсер жаңбыр Қазақстанға қайта оралады. Бұл туралы алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 27 мамырға арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана күтіледі.

"Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады... Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

"Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ беті қатып, 1-2°С суық болады, үсік жүреді деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай да қауіпті құбылыстар туралы ескертеді:

Бұған дейін синоптиктер 27-29 мамыр аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды