Еліміздің барлық өңірінде 27 мамырда дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 27 мамырда Қазақстанның 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстарына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының тауларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысында түнде қатты жаңбыр жауады, күндіз облыс орталығында, шығысында және таулы аймақтарда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Өңірдің шығысында өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай ойнап, күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл тұрады,  солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-23 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады, өңірдің солтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды, өңірдің солтүстік пен шығысында 2°C суық болып, топырақ беті қатады деп күтіледі. Өскеменде күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде және батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді, өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстігінде және шөлді аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап,  солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістанда да күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында түнде тұман болады, өңірдің шығысында 2°C суық болып, топырақ беті қатады деп күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің батысында жоғары өрт қаупі тіркеледі. Ақтауда өрт қаупі жоғары.

Ұлытау облысында күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Өңірдің батысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі бар.

Түнде және таңертең Ақмола облысында тұман болып, күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, түнде шығыста 2 градусқа дейін күн суытып, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысында тұман болып, күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды, түнде облысың шығысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-23 м/с. Түнде солтүстік-шығыста 1 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, түнде тұман болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. бар. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, солтүстік пен оңтүстікте өрт қаупі жоғары, батыс пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Орталықта және шығыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қар аралас жаңбыр жауатынын ескерткен.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты