Қазақстанның тоғыз өңірінде сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда

Фото: pexels
Биыл Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратынша, ведомство 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбырын салып жатыр. Сондай-ақ, еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Осылайша, жоба жүзеге асқанда 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.

Мәселен, былтыр еліміздің алты облысында топтық құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша бірқатар жобалар аяқталды. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты.

Бұған дейін Алматының жаңа әкімінің қала тұрғындарына үндеу жолдағандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды