Полиция шетелдіктен 30-дан астам мефедрон орамасын тәркіледі

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

Жедел уәкілдер облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінде күдікті ретінде жақын шетелден келген азаматты ұстады.

Полиция тексеру кезінде ер адамнан ұнтақ тәрізді құрамында есірткісі бар 30-дан астам полиэтилен орамдарын тәркіледі.

Жалпы салмағы 90 грамнан асатын мефедрон болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақ баласын қалай тәрбиелеген

Этнограф қазақ асханасына тиесілі 200-ге жуық тағамның рецептін қайта "тірілтті"

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілеттіліктері толықтырылды

Такси жүргізушісі көлігіне отырған 12 жасар қызды зорлап тастады