Сенат қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 29 мамырда Сенат депутаттары жалпы отырыста қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қарастырып, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенатор Сергей Карплюктің айтуынша, құжаттың нормалары банк секторындағы бәсекелестікті арттыруға және инвестиция тартуға, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын дамытуға, қаржылық қолжетімділікті арттыруға, қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғауға және қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған.

"Заңды талқылау барысында бас комитеттің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады", – деді сенатор.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен кредиттік бюролар арасында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы ақпаратпен алмасу ұсынылып отыр.

Бұл — мерзімді әскери қызметшілерге қарыз беруге тыйым салу нормаларын іске асыру үшін қажет.

Сондай-ақ банктік құпия мен микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа заңсыз қол жеткізу салдарларын жою бойынша шаралар қабылдау мерзімдері нақтылануда.

Осы мақсатта банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микрокаржылық ұйымдар клиентке және уәкілетті органға бұл туралы хабарлауға, заңсыз әрекеттерді жою және олардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті мерзімдерді белгілеу ұсынылады.

Сенаторлар сондай-ақ байланыс операторларының антифрод жүйелерін құруының құқықтық негіздерін және олардың Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді