Атырау маңындағы "Ақжайық" қорығы аймағында ірі өрт сөндіріліп жатыр

Сурет: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Атырау маңында қамыс өртеніп жатыр. Өрт Дамба ауылынан 20 шақырым жерде, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 маусым күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша өрт 280 гектар жерді шарпыған.

"Төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақжайық" қорығы қызметкерлерінің бірлескен күшімен 50 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Өртті сөндіру штабы құрылды. Қазіргі таңда шамамен 30 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта өрттің таралуына жол бермеу үшін минералды жолақтар жасалған.

Өрт сөндіруге 85 ТЖД қызметкері мен 13 техника, сондай-ақ "Ақжайық" қорығынан 25 адам, 10 техника және 2 қайық жұмылдырылған.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ.

ТЖД өкілдері өртті сөндіруге батпақты жер мен қалың қамыс айтарлықтай кедергі келтіріп жатқанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды