Ерлан Қарин: Ведомстволық наградалар оңтайландырылып, жүйелендіріледі

Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады.  

Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін атқарылып жатқан шаралар бойынша есеп берді. Сондай-ақ ведомстволық наградаларды оңтайландыру мен жүйелеудің жалпы тәсілдерін ұсынды.

"Кейбір министрліктерде 2-3 ведомстволық наградалар болған, ал басқаларында олардың саны 20-ға жеткен жағдай кездескен. Нақты критерийлер болған жоқ. Енді біз барлық ведомстволар үшін жалпы тәсілдерді айқындадық, оған сәйкес әрбір министрлікке ведомстволық наградалардың бірыңғай тізбесі бекітілетін болады. Нәтижесінде ведомстволық наградалар оңтайландырылатын болады", - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші ведомстволық наградалар саласындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі