Танымал қазақстандық суретші Ибрагим Кубеков қайтыс болды

Сурет: Facebook/Евгений Кубеков
2025 жылғы 2 маусымда танымал қазақстандық график-суретші, карикатурашы Ибрагим Кубеков қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 3 маусым күні оның ұлы Евгений Кубеков Facebook парақшасында жазды:

"Кеше Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков өмірден өтті деген қайғылы хабарды жеткіземін", – деп жазды ол.

Ибрагим Кубеков 1957 жылы Украин КСР-інің Ворошиловград (қазіргі Луганск) қаласында дүниеге келген. Үш жасында ата-анасымен бірге Алматы қаласына қоныс аударған.

Ол көптеген жылдар бойы баспасөз саласында еңбек етті, әдеби шығармалар мен журнал материалдарына иллюстрациялар салды. 1999 жылы Алматы облысы Есік қаласында алғашқы тәуелсіз апталық аудандық "Иссык" газетін құрды. Ибрагим Кубеков карикатура және шарж жанрындағы суретші ретінде кеңінен танымал. Оның шығармашылығында өмірден алынған, қиялмен байытылған әзіл-сықақ сюжеттер ерекше орын алады.

Zakon.kz редакциясы Ибрагим Кубековтың отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі