Ерлан Қарин: Президент Тоқаев ұлттық стратегияның жаңа басымдықтарын айқындап берді

Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері" атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен келген жетекші талдау орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқалы жиында сөз сөйлеген Ерлан Қарин көпжақты диалогты нығайтудың маңызына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттік кеңесші таяу арада Астанада өтетін "Қытай – Орталық Азия" саммитінің екінші отырысы осының бір дәлелі екенін атап өтті. Ерлан Қарин: Президент Тоқаев ұлттық стратегияның жаңа басымдықтарын айқындап берді

Ерлан Қарин Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың күшейе түскеніне назар аударды. Сондай-ақ ол елімізде жүзеге асырылған реформаларға және даму жолындағы басым бағыттарға тоқталды.

Мемлекеттік кеңесші форум қатысушыларына Мемлекет басшысы айқындаған Қазақстан дамуының алдағы мақсаттары туралы да айтып берді:

"Қазақстан өз алдына жаңа ұзақ мерзімді мақсаттар қойып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында елдің ұлттық даму стратегиясының бес жаңа басымдығын айқындады", – деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның ұлттық даму стратегиясындағы жаңа басымдықтарды атап өтті:

 1. Цифрландыру және жасанды интеллект;

 2. Энергетика;

 3. Көлік және транзит;

 4. Агроөнеркәсіптік сектор;

 5. Адами капитал.

Сонымен қатар Ерлан Қарин қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Президент нақты шаралар мен даму индикаторларын белгілегенін атап өтті:

Сөз соңында Мемлекеттік кеңесші Президент реформаларының басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру екенін тағы бір еске салды:

"Қазіргі саяси бағыттағы барлық реформалар мен өзгерістер “Әділетті Қазақстанды” қалыптастыруға бағытталған. Бұл – реформалар реформалар үшін емес, мемлекеттілігімізді нығайту мен барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жүргізіліп жатқанын білдіреді", - деді ол.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды