Алматыда мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты

Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Бүгін, 2025 жылғы 3 маусымда, Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды. Zakon.kz тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мұнаралы кранның құлағанын растады.

ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан бір адам көз жұмды.

"Шақыру бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мен өзге де тиісті қызметтер дереу оқиға орнына жіберілді", - деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдай сағат 16:00 шамасында болғанын нақтылады.

"Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты. Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз