Ұрып-соғып, жалаңаш әжетханаға апарған: Ақтауда тәрбиеші балаға қатыгездік жасады деп айыпталып жатыр

Сурет: pixabay
Ақтаудағы №35 балабақшаның тәрбиешісі үш жастағы балаға қатыгездік көрсетіп, оған зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Баланың ата-анасы ұлдарының тәрбиешінің тарапынан жәбір көргеніне кәміл сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz порталының жазуынша, бірнеше ай бойы баланың мінез-құлқындағы өзгерістер — истерика, қатты дыбыстардан қорқу және балабақшаға барудан бас тарту байқалған соң, анасы 14 мамыр күні топтағы бейнебақылау камерасындағы жазбаларды көрсетуді сұрап, қандай да бір орынсыз әрекет болмағанына көз жеткізгісі келген.

Әкесінің айтуынша, видеоға тәрбиешінің зорлық-зомбылық көрсеткен бірнеше сәті түсіп қалған: басынан ұрған, шымшыған, ұрып-соққан, баланы жалаңаш әжетханаға апарып, қараңғы жерде 20 минут ұстаған.

"Мен тек мынаны айттым: "Бұл адамды заң бойынша жұмыстан шығару керек, ол енді ешқашан кішкентай балалармен жұмыс істемеуге тиіс". Біз басқа балаларға зияны тигенінін қаламадық. Қазір біз тозақтан өтіп жатырмыз – психиатрлар, логопедтер, баламыз ересектермен байланыстан барынша қашады. Дәрігерлер баланы түзету балабақшасына ауыстыруды ұсынып отыр. Мұндайды ешкімнің басына бермесін", - дейді әкесі.

Zakon.kz редакциясы жағдайды нақтылау үшін Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты