Қазақстанда биыл 95 есірткі зертханасы мен 18 қылмыстық топ әшкереленді

Сурет: polisia.kz
ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша 5 айдың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың бес айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің жұмысы нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсор тәркіленіп, олардың қоғамда таралуына жол берілмеді.

95 есірткі зертханасы әшкереленді. 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банк картасы бұғатталды.

Осылайша азаматтар мен экономикаға 1 млрд 230 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілмеді.

Соңғы айдың өзінде еліміздің бірнеше өңірінде бірқатар есірткі қылмысы анықталды:

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторларына қамалды. ІІМ-нің осы бағыттағы жұмысы жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды