Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынды

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі
Құрбан айтта ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және онлайн форматта да ұйымдастырды. Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбандыққа шалынған  20 797 малдың 997-сі онлайн форматта келіп түскен өтініш бойында сойылған. Мал түрлері бойынша:

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей", делінген басқарма хабарламасында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді