Қанша ТЖМ қызметкері тұрғын үй төлемін алады – Вице-министр мәлімдеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 12 маусымда Сенат отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев ведомство қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, биыл шамамен 18 мың ТЖМ қызметкері тұрғын үй төлемдерімен қамтылатын болады. Бұл төлемдер отбасы жағдайына және қызмет орнына байланысты әртүрлі болады.

"Мысалы, Астанада – шамамен 92 мың теңге. Бұл сома жыл сайын өзгеріп отырады. Үкімет тұрғын үй жалдау бағасын реттеп отырады. Өскеменде – 49 мың теңге, Семейде – 48 мың теңге. Әр қалада үкімет бекіткен белгілі бір мөлшерлеме бар", – деді Кеген Тұрсынбаев.

Ол мысал ретінде төрт адамнан тұратын отбасыға 50 мың теңгеден есептеліп, жалпы 200 мың теңге берілетінін түсіндірді. Мұндай тұрғын үй төлемдерін қазіргі кезде Қазақстанның ІІМ және Қорғаныс министрлігі қызметкерлері де алып отыр.

"30 маусымнан бастап заң күшіне енгеннен кейін тұрғын үй төлемдері беріле бастайды. Сол уақытқа дейін біз өзіміздің нормативтік-құқықтық актілерімізді дайындауымыз қажет. Арнайы тұрғын үй төлемі туралы ереже болады, бізде осы мәселемен айналысатын арнайы бөлім жұмыс істейді: кімге төленеді, кімге төленбейді – соны анықтайтын", – деді вице-министр.

Бұған дейін қызғалдақ құшақтап суретке түскен әкімнің соты немен аяқталғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді