Қазақстанда 38 жаңа кен орны табылды

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан геологиялық барлау жұмыстарын ауқымды жүргізуде – тек 2025 жылдың I тоқсанында мыс, никель, көмір, алтын және сирек жер металдарының болжамды ресурстары бар 38 перспективалы учаске анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылға қарай еліміз аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуі 2,2 млн шаршы шақырымға жетуі тиіс.

2024 жылы қамту 2 014,4 мың шаршы шақырымды құрады және жұмыстар белсенді қарқынмен жалғасуда.

2025 жылдың бірінші тоқсанында ауқымды зерттеулер:

Нәтижесінде пайдалы қазбаларының әлеуеті жоғары 38 учаске анықталды. Болжамды ресурстар қатарында:

2024-2026 жылдары геологиялық барлау жұмыстарына 22,83 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2025 жылы 7,636 млрд теңге игеріледі. 1:200 000 масштабтағы: 14 терең геокарталау, 9 минерагендік және 19 гидрогеологиялық жете зерттеу объектілері бойынша өңірлік жобалар жалғасуда.

Жеке инвестициялар маңызды рөл атқарады.

"2018 жылдан 2024 жылға дейін геологиялық барлауға 424 млрд теңге салынды, 2025 жылы 106 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде",- делінген ақпаратта.

Жұмыс көлемі бойынша міндеттемелерсіз, бірақ міндетті есептілікпен жер қойнауын зерттеуге арналған жеңілдетілген лицензия нарықты инвесторлар үшін қолжетімді етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз