БҚО тұрғыны алаяқтарға 200 млн теңге беріп, үш жылдан кейін тағы 90 миллионынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Алаяқтар Батыс Қазақстан облысының тұрғынын екі рет алдап, ірі көлемде ақшасын жымқырған. Полиция мәліметінше, мұндай жағдайлар сирек емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой Город" порталының мәліметінше, ер адам алғашында алаяқтарға 200 миллион теңге беріп қойған. Үш жылдан кейін тағы 90 миллион теңгесін басқа алаяқтарға аударған.

"Бәйтерек ауданының тұрғынын алғаш рет 2022 жылы алдап, одан 200 миллион теңге алған. Ал 2025 жылы ол тағы да алаяқтардың құрбанына айналып, 90 миллион теңгеден астам ақшасын берген. Мұндай жағдайлар жалғыз емес", - деді БҚО ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Артур Мусагалиев.

Бұған дейін Алматыда жүздеген студенттің алаяқтардың құрбанына айналғаны хабарланған еді. Олар Гарвард пен Оксфордта оқуды армандап, әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден төлеген. Алайда фирмалар кеңселерін жауып, есіктеріне мөр басып кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді