+46°С дейін аптап ыстық: "Қазгидромет" 18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Сурет: unsplash
Синоптиктер 2025 жылғы 17 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында өте аптап ыстық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәрсенбі күні күндіз:

"Республиканың көп бөлігінде циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік, батыс, орталық және шығыс аймақтарда бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптап ыстық ауа райы сақталады. Республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", - делінген болжамда.

Гидрометеоорталық өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейін де хабарлады:

Жоғары өрт қаупі Алматы облысында, Абай облысының батысы, солтүстігі, шығысында, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында күтіледі.

Төтенше өрт қаупі Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты