Ақтауда сатушы әйелге шабуыл жасаған ер адам сотталды

Сурет: видео скрині
Ақтау қалалық соты азық-түлік дүкеніндегі кассир әйелге жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" басылымының хабарлауынша, оқиға 13 мамырда түнгі сағат 02:31 шамасында болған. Мас күйдегі ер адам дүкенге сыра алу үшін кірген, алайда сатушы бас тартқан. Сол үшін ер адам ересек әйелдің бетіне жұдырықпен соққы жасаған.

"Сотталушының кінәсі оның өз мойындауымен, жәбірленуші мен куәгерлердің түсініктемелерімен және бейнебақылау камераларындағы жазбалармен толық дәлелденді. Прокурор М.-ға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Б. заңға сәйкес қатаң жаза тағайындауды талап етті. М. өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза беруді сұрады", – делінген сот хабарламасында.

Сот істі қарау барысында айыпталушыға қатысты жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайларды анықтамаған.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылып, оған алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми ақпаратта.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды