Сәтбаевта көшеттерге күтім жасалмай, қурап жатыр

Сурет: pixabay
Сәтбаев қаласында жуырда қыруар қаражатқа отырғызылған көшеттер жерсінбей қалды. Оларға тиісті күтім жасалмағандықтан, шыршалар бірінен соң бірі жаппай қурап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратына сүйенсек, талдардың көп ұзамай, солып қалғаны тұрғындар мен қоғам белсенділерінің ашуын туғызды. Олардың айтуынша, жасыл желек, аптап ыстықта мүлдем суарылмаған. Қаланың орталық алаңында жуырда жаңа аллея пайда болған еді. Мұнда жаппай шырша отырғызылды. Алайда көшеттер аптап ыстықта суарылмай, қараусыз қалып, қурап жатыр. Сондықтан зейнеткер Евгения Түсіпбекова оларды өз бақылауына алған.

"Қалада мәселе көп. Осыдан төрт жыл бұрын бізге демалыс саябағын салып берді. Бұл жерге балалар, жастар, зейнеткерлер жиі келеді. Бірақ демалыс орнында жағдай жасалмаған. Мұндағы ағаштар су көрмей жарамсыз күйге түсіп жатыр". Евгения Түсіпбекова

Оның айтуынша, қаланың қақ ортасындағы саябақтағы жасыл желек мүлдем қараусыз қалған. Сондықтан зейнеткер коммуналдық қызметтің жұмысын қазір бір өзі атқаруға мәжбүр.

Аллеяның күтіміне жауапты мердігер компания өкілдері түсініктеме беруден бас тартты. Әкімдіктегілер болса биыл наурыз айында көгалдандыру жұмыстары мен жасыл желектерді суаруға конкурс жарияланғанын жасырмады. Ахмет Сыздыманов, қала әкімінің орынбасары

Қазір шенеуніктер қағазбастылықпен айналысып әлек. Ал бұл конкурс нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Сондықтан жергілікті тұрғындар ағаштардың барлығы құрап қалмаса екен деп алаңдайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев