Елдегі жетекші ЖОО-ның бірінің төңірегіндегі дауға нүкте қойылды

Сурет: Instagram/ektu.kz
2025 жылғы 20 маусымда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне қатысты даулы мәселеге нүкте қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.

"Алайда, 2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы "Технопарк "Алтай" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген. Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын "Технопарк "Алтай" ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды",- делінген ақпаратта.

Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.

Активтерді қайтару жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін Қостанайда балалар лагеріне орын тапшы екенін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін