Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар

Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 22:03 Сурет: Шымкент әкімдігі
Шымкенттегі "17" Жастар театры өз меншігіндегі жаңа ғимаратқа көшті. Бұған дейін жалдамалы орында жұмыс істеп келген шығармашылық ұжым үшін бұл маңызды оқиға болды. Осыған орай ғимараттың ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, театр ұжымын жаңа ғимаратқа қоныстануымен құттықтады. Ол шығармашылық ұжымның алдағы уақытта көрерменге жақсы қойылымдар ұсынып, өңір мәдениетінің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

"17" жастар театры 2018 жылы қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан студия ретінде құрылып, 2019 жылы жеке театр болып жұмысын бастаған. Содан бері ұжымның тұрақты ғимараты болмаған. Жаңа нысанның құрылысы үш жылға созылып, енді театр өз жұмысын осы жерде жалғастырмақ.

Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 22:03

Сурет: Шымкент әкімдігі

Театр директоры әрі көркемдік жетекшісі Рүстем Әуелбековтің айтуынша, заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимарат 80 көрерменге арналған. Камерлік форматта жұмыс істейтін театрда 20 адамнан құралған шығармашылық топ жұмыс істейді.

Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 22:03

Сурет: Шымкент әкімдігі

Театр жетекшісі жаңа ғимарат шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беретінін айтты. Биыл ұжым бірнеше өңірде гастрольдік сапарда болып, республикалық байқауларға да қатысқан. Сонымен қатар өнер иелерімен бірлескен спектакль-концерттер ұйымдастырған.

– Заманауи үлгіде салынған ғимаратта енді жаңа жобалар жасап, тың қойылымдар ұсынуға жағдай бар. Алдағы жоспарымыз – түрлі шығармашылық эксперименттер жасап, көрерменді жаңа қойылымдармен қуантамыз, – деді театр жетекшісі.
Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 22:03

Сурет: Шымкент әкімдігі

Ашылу салтанатынан кейін шығармашылық ұжым жаңа сахнадағы алғашқы "Мені күт" спектаклінің премьерасын ұсынды. Режиссері – Шағуан Үмбетқалқиев. Қойылымда ерлі-зайыптылардың арасындағы сезім, түсініспеушілік пен ажырасуға алып келетін жағдайлар көрініс тапты.

Шымкенттегі "17" Жастар театрының енді өз ғимараты бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 22:03

Сурет: Шымкент әкімдігі

Жиын соңында театр ұжымына қала әкімінің ықылас гүлі табысталды. Енді шығармашылық ұжым жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырып, көрерменге түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынбақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: