Алматыдағы НЗМ-нен шығарылған оқушы аттестат алды

Сурет: Zakon.kz
Мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылған Назарбаев Зияткерлік мектебінің (НЗМ) 11-сынып оқушысының дауы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жасөспірімге басқа мектепте 11-сыныпты қайта оқу қажеттілігі туындамады. Оқушы жалпы орта білім туралы аттестат алды.

Қоғам белсендісі Аида Букаеваның Facebook-тегі жазбасына қарағанда, ол екі күн бойы бұрынғы НЗМ оқушысы Сұңқарды Алматыдағы мектептерге апарып жүрген. Кейбір мектептер оны 1 қыркүйектен бастап 11-сыныпқа қайта қабылдауға дайын болған. Ал №8 мектеп-гимназиясы оған қорытынды емтихандарды тапсыруға мүмкіндік берген. Осылайша, оқушы орта білім туралы атестатқа қол жеткізген. Енді оны алда ҰБТ күтіп тұр.

Қоғам белсендісі бұл жайтты "Сұңқар мен оның ата-анасының жеңісі, НЗМ-нің жеңілісі" деп атады.

Айта кетсек, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сұңқар Майқан өзге оқушылардың көзінше мұғалімге балағат сөз айтып, тіл тигізгені үшін оқу ордасынан шығарылған. Алайда, жас жеткіншек, кейінірек өзінің кінәсін мойындап, кешірім сұраған болатын. Дегенмен, оның бұл әрекетіне мектеп әкімшілігі тарапынан "мектепке қайта қабылдау" туралы жағымды жаңалық бола қоймады. Осылайша, бірнеше күн қатарынан тамақ ішпей, депрессияға түскен оқушы 26 мамыр күні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұл ретте, қоғамда резонанс туғызған іске бірқатар шенеуніктер мен балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер, сондай-ақ, министр Ғани Бейсембаев пікір білдірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс