Сәтбаевта қыз баланы екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

Сурет: Zakon.kz
Сәтбаевта Toyota Camry жүргізушісі 2012 жылы туған қыз баланы жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден жолды кесіп өтпек болған кезде қағып кеткен. Сол сәтте қарсы бағыттан келе жатқан Lada Priora көлігі де жасөспірімді басып өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жол-көлік оқиғасы 16 маусым күні болған. Қыз бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған, деп мәлімдеді Ұлытау облысының соты.

"Аталған факті бойынша Toyota Camry жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Тергеушінің екі айға қамауға алу жөніндегі өтініші сотпен қанағаттандырылды", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі