Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда 2025 жылы 24 маусымда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша жабылады. Бұл аумақты Абылай хан даңғылы мен Наурызбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады.

BRT (Bus Rapid Transit — автобус жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

"Жөндеу жұмысы жүргізілетін учаскеге ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін де құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Желтоқсан көшесі жабылған болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы