Трамп Израиль мен Иран арасындағы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынылды

Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысқаны үшін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бастаманы 2025 жылғы 24 маусымда АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Бадди Картер көтерді, деп жазады Fox News.

Норвегияның Нобель комитетінің төрағасы Йорген Ватне Фриднеге жолдаған ресми хатында Картер Трамптың қарулы қақтығысты тоқтатып, аймақта ядролық қарудың таралуына жол бермегендегі "ерекше әрі тарихи рөлін" атап көрсеткен.

"Бірнеше апта бұрын әлем ауқымды өңірлік соғыстың алдында тұрған еді, бірақ дәл осы шешуші сәтте Трамп президент ретінде батылдық пен табандылық танытып, атысты тоқтату жөніндегі шектеулі келісімге қол жеткізе алды", - делінген хатта.

Картердің пікірінше, екі қарсы тарап арасында қол жеткізілген, бастапқыда мүмкін емес болып көрінген бұл келісім – дәл Трамптың әрекеттерінің нәтижесі. Оның айтуынша, президенттің бастамасы Таяу Шығыстағы шиеленісті төмендетіп қана қоймай, "мыңдаған, тіпті миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға" ықпал еткен.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан үкіметі де Дональд Трампты бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын көтерген еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз