Алматыда әйел адам көпқабатты үйдің балконынан құлап қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жеті қабатты тұрғын үйдің балконынан құлап кеткен әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 24 маусым күні таңертең қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы қыз тәуліктік жалға берілетін пәтердің балконынан құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, пәтерде жүкті әйел мен балаларды қоса алғанда бірнеше адам болған.

Тұрғындардың сөзінше, бұл пәтерде бұған дейін де бірнеше рет шулы отырыстар өткен. Қайғылы оқиға болған түнде көршілер айқай мен жанжалдың дауысын естіген. Олардың айтуынша, қыз құлардан біраз бұрын балконның шетінде тұрған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оны райынан қайтаруға тырысқан, бірақ аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз