Алматы облысының жаңа аймақтық рәмізінің жобасы әзірленді

Сурет: gov.kz
Өңір тұрғындарына жаңадан әзірленген Алматы облысының аймақтық рәмізінің жобасына қатысты өз пікірлерін білдіру сұралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін жаңа өңірлік нышан (символика) жобасы әзірленді.

"Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз", делінген әкімдік хабарламасында.

Талқылау мерзімі: 15 күнтізбелік күн. 2025 жылдың 25 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін.


"Ұсыныс/пікірлерді daurenbaev.m@almobl.gov.kz почтаына жолдай аласыздар. Жоба үлгісімен танысып сауалнама өте аласыз аласыз. Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Бірге талқылай отырып, ортақ құндылықтарға негізделген мағыналы облыстың нышанын қалыптастырайық!", деп нақтылайды Алматы облысының әкімдігі.

Бұған дейін Абай облысында жиһаз сатып алуға байланысты жарияланған конкурс рәсімдері өңір басшысының шешімімен тоқтатылғаны хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді