Қазақстан полициясы контрабандашылардың стратегиялық шикізатты шетелге алып кетуіне жол бермейді

Фото: primeminister.kz
Қазіргі уақытта металл сынықтарының жекелеген түрлерін экспорттауға мораторий жарияланғанына қарамастан, оны шетелге заңсыз алып өту әрекеттері жасалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облыстық полиция басқармасы прокуратура органдарымен бірлесе отырып, рұқсат құжаттарынсыз түсті металды заңсыз қабылдау мен өңдеуді ұйымдастырып, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оны бірнеше рет республикадан тыс жерлерге шығаруға әрекеттенген серіктестіктің заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Кәсіпорын аумағында жедел-іздестіру шаралары барысында 600 тоннадан астам қайта балқытылған қорғасын және шетелге жөнелтуге дайындалған дайындамалар түріндегі 100 тоннадан астам алюминий, сондай-ақ түсті металл сынықтары тәркіленді.

Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталуда. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды