Астанада бір аптаға Шыңғыс Айтматов көшесі жартылай жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астана тұрғындары мен қонақтарына Шыңғыс Айтматов көшесінде басталатын орташа жөндеу жұмыстары туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 28 маусым мен 5 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Қорғалжың тас жолына дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

"Көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", - деп хабарлады басқарма.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты