Зейнеттегі генерал-майор қамауға алынды – Антикор

Сурет: Zakon.kz
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы, зейнеттегі генерал-майорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 30 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ол кәсіпкердің сенімін теріс пайдаланып, жоғары лауазымды әскери тұлға ретіндегі беделін қолданып, оның аса ірі мөлшердегі ақшасын иемденген.

"Қылмыс Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларға инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға болады деген сылтаумен жасалған. Ол бұл іске министрліктер мен шетелдік серіктестердің ықпалды өкілдерінің қолдауы бар екенін алға тартқан. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Данияр Биғайдаров.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді