Ғылым министрлігі оқу гранттарына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті

Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы 1 шілдеде 2025–2026 оқу жылына еліміздің жоғары оқу орындарына құжат қабылдаудың басталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 13-20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады", делінген хабарламада.

ҰБТ шекті баллдары

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:

Айта кету керек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

2025 жылғы қабылдау науқанының ерекшеліктері

Министрлік талапкерлерді электрондық сервистерді белсенді пайдалануға, сондай-ақ қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімімен және құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға шақырады.

Толығырақ ақпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында қолжетімді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2025 жылғы 30 маусымда негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды