Елімізде жол апаты жиі орын алатын өңірлер белгілі болды

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 2 шілдеде ҚР ОКҚ брифингінде академик Н.Д. Батпенов атындағы "Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК директоры Олжас Бекарысов Қазақстандағы барлық жол-көлік оқиғаларының 55%-ы алты өңірге тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, жол апаттарынан қаза табу көрсеткіші төмендеп келеді: 2024 жылы әр 100 мың адамға шаққанда 12,2 адам қайтыс болған немесе 2452 жағдай тіркелген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға аз.

"ЖКО-дан болатын өлім көрсеткіші бойынша еліміз ЭЫДҰ елдерінен едәуір артта қалып отыр. Жапонияда жол-көлік апатынан өлімнің ең төменгі көрсеткіші тіркелген. Еуропа елдерінің де көрсеткіштері назар аударарлық. Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы тіркелген ЖКО саны 2023 жылмен салыстырғанда 98,9%-ға өсіп, 15 886 жағдайды құрады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, ЖКО санының арту себептерінің бірі – 2024 жылдан бастап апатқа ұшырағандар медициналық көмекке жүгінсе, олардың барлығы (денсаулығына зиян келген-келмегеніне қарамастан) статистикаға енетін болды", – деді Олжас Бекарысов.

Оның айтуынша, бұрын тек денсаулыққа нақты зиян келген жағдайлар ғана тіркелетін.

"Еліміздегі барлық ЖКО-ның 55%-ы алты өңірде орын алады – олар Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары. Ағымдағы жылдың 12 айында жол апаттарынан 40 873 адам зардап шекті, оның ішінде 2452 адам қаза тапты. 2015 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі ЖКО-ның 100 мың адамға шаққандағы динамикасы 2015 жылдан 2020 жылға дейін төмендегенін көрсетеді. 2020 жылдан 2023 жылға дейін сәл өсім байқалды, ал 2024 жылы күрт өзгеріс болды", – деді Олжас Бекарысов.

Бұған дейін Павлодар облысында мас жүргізушінің жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты