Түркістан облысы білім басқармасының экс-басшысы мен Тараздың экс-прокуроры сотталды

Сурет: КТК телеарнасы
Бүгін Түркістан облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы мен Тараздың экс-прокурорына үкім оқылды. Ғалымжан Жұмашев қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 7,5 жыл жаза арқалады. Ал экс-прокурордың алаяқтықпен айналысқаны дәлелденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, білім басқармасының басшысы болған Ғалымжан Жұмашев жекеменшік бала-бақша иесінен 2016 жыл мен 2023 жыл аралығында 67 миллион теңге пара алған. Судьяның айтуынша, қомақты қаражатқа Шымкенттен жер телімін алып, жекеменшік мектеп салған. Осылайша, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырған. Сондықтан судья Ғалымжан Жұмашевқа 67 миллион теңгені жәбірленушіге қайтаруды міндеттеді.

Экс-басшымен бірге Тараздың бұрынғы прокуроры да сотталды. Себебі Нұрсұлтан Тілешов Ғалымжан Жұмашевқа қылмыстық істі қысқартып берем деп уәде берген көрінеді. Бұл қызметіне 10 миллион теңге алған. Бірақ уәдесін орындай алмапты. Сондықтан екі жыл сегіз айға бас бостандығы шектелді. Бірақ қос сотталушы да "үкіммен келіспейміз" деп отыр.

"Эльмира Дүйсенқызы менің қарызымды төледі. Қарызымды банкке аударып отыр. Мен мемлекеттік қызметте істеп отырып, параны банктегі шотыма аударам ба?! Банктен ақша алам ба? Ақымақ емес шығармын"Сотталушы Ғалымжан Жұмашев 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды