Көкшетауда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан қос күдікті қолға түсті

Фото: pexels
Петропавлдың 21 жастағы тұрғындары синтетикалық есірткі тарату мақсатында Көкшетауға арнайы келген.

"Қарасора – 2025" жедел алдын алу шарасы аясында Көкшетау қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Петропавлдан келген екі азаматтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Тергеу барысында қос жігіттің колледжде бірге оқып, сол жерде танысқаны анықталды. Оқу орнын тәмамдаған соң, достық қарым-қатынас қылмыстық әрекетке ұласқан.

Олар мобильді қосымша арқылы "жұмысқа орналасып", белгісіз куратордың тапсырмасымен Көкшетауға тыйым салынған заттарды таратуға келген.

Айта кетейік, күдіктілерді ұстауға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары үлкен көмек көрсетті.

Белгі салушылар бірнеше рет камераға түсіп қалып, олардың әрекетін бақылауға мүмкіндік берді. Гастролерлер қаладағы екі түрлі мекенжайда ұсталды.

Тінту барысында тәртіп сақшылары жалпы салмағы 20 грамнан асатын синтетикалық "a-PVP" заты мен 20-дан астам орама тәркіледі. Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі