Банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқаны үшін жауапқа тартылды

Фото: pexels
Жетісу облысында банкке айыппұл салынды, ал оның қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, заңмен резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған, керісінше банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан.

Есепшот кейіннен интернет-алаяқтармен азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған.

"Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. 1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұған дейін Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды