Қазақстандық әйел мен оның балалары мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлегені үшін сотталды

Сурет: pixabay
50 жастағы әйел мен оның екі ұлы мүгедек жандарды пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасы 2025 жылғы 4 шілдеде хабарлағандай, 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы наурызға дейін бұл отбасы Ақтауда екі мүгедек адамды еркінен тыс ұстап, оларды қоғамдық орындарда қайыр сұратуға мәжбүрлеп, пайда тапқан.

Жәбірленушілердің аяғы жоқ болған. Оларды алғашында алдап Қарағандыдан Семейге жеткізген, сол жерде қайыр сұратқан. Кейін Ақтауға алып келіп, жергілікті базарларда жұмыс істетіп, қанаған. Азаматтар берген ақшаны қылмыскерлер өздеріне алып отырған.

"Бүкіл осы уақыт бойы жәбірленушілер, әсіресе, қашуға тырысқан кезде қоқан-лоққыға, психологиялық және физикалық қысымға ұшырап отырған. Тек 2024 жылғы наурызда олардың бірі полицияға хабарласып, қылмыстық схеманың әшкере болуына мүмкіндік берді”, - деп мәлімдеді прокуратура.

Ақтау сотының үкімімен 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы заңсыз бас бостандығынан айыру және қанау дерегі бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты