Алматыда полиция метро жолаушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы полициясының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шара өткізді.

Науқан негізгі метро станцияларында өтіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жолаушыларға ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға жас жол инспекторлары қосылып, материалдарды таратуға көмектесіп, жолаушылармен тіл табысып, метродағы тәртіп ережелерін еске салды.

"Жолаушылар қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Алматы – заманауи шаһар, сондықтан метрополитенді пайдаланатын әрбір адам өзін қорғалған сезінуі маңызды. Естеріңізге саламыз: заттарды қараусыз қалдырмаңыз, тәртіп бұзбаңыз, басқаларды құрметтеңіз. Мұндай науқандар түйіткіл мәселелерді анықтауға ғана емес, полиция мен қоғам арасындағы сенімділікті арттыруға да септігін тигізеді. Алдын алу шаралары тұрақты негізде жүргізілетін болады", – деді, метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Батуржан Абдумасаров.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Президент «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды

Қазақстанда түнде ауа температурасы -3°С-қа дейін төмендейді