Қазақстандықтар теміржол билетінің аздығына шағымдануда

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Демалыс маусымы басталғалы алыс-жақын мекенге жол тартатындардың қарасы көбейді. Көбіне ұшақпен ұшу – қалтаға салмақ, көлікпен бару – машақат, ал үміт күткен теміржолда билет жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының жазуынша, жазғы демалыста жолаушылар теміржол билетін таба алмай жүр. Жыл басынан бері елде 10 миллионға жуық теміржол билеті сатылды. Оның 2 миллионы – тек маусым айында өткен.

"Жазғы демалыс қызған шақта күніне екі мыңнан астам вагон жолға шығады. Алайда мұның өзі жолаушылар сұранысын толық жаба алмай отыр. Билет тапшылығына байланысты көпшілік электронды кезекке тұруға мәжбүр",- деп жазды басылым.

Ұлттық тасымалдаушы билет тапшылығы барын жоққа шығармайды. Дегенмен, мәселе күрделі емес дейді. Себебі кей бағыттарға қосымша пойыздар қосылған.

"Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Астана – Ақтөбе бағыттарына қосымша пойыздар қосылды. Алакөлге сұраныс өте жоғары. Биыл бұл бағытта 13 маршрут жұмыс істеп тұр, оның төртеуі – тұрақты, тоғызы – маусымдық". Ерлан Жимайлов, "Жолаушылар тасымалы" АҚ сату департаментінің директоры:

Билет табылмаса, үміт –электронды кезекте.Мамандар жолаушыларға ресми сайт арқылы кезекке тұруды ұсынады. Биыл бұл жүйені 180 мыңнан астам адам пайдаланған. Алайда 40 пайызы ғана билеттерді сатып алған.

Компания өкілдерінің айтуынша, билет тапшылығын түбегейлі шешу мүмкін емес. Өйткені нақты қанша жолаушы жолға шығатынын алдын ала дөп басып болжау қиын. Барлық жоспар өткен жылдар көрсеткішіне сүйеніп жасалады. Сондықтан мамандар әр жолаушы ертерек қамданғаны дұрыс дейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды