Трамп Тоқаевқа Қазақстанға енгізілетін 25 пайыздық баж салығына байланысты хат жолдады

Сурет: akorda.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылғы 1 тамыздан бастап АҚШ Қазақстан тауарларына 25% мөлшерінде тарифтік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғаны туралы хат жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл хатты ол Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.

"Егер Қазақстан немесе сіздің елдегі компаниялар өнімді АҚШ-та өндіру немесе зауыт салу туралы шешім қабылдайтын болса, бұл тариф алынбайды. Біз рұқсат беру процестерін тез әрі кәсіби түрде жүргізу үшін бар күшімізді саламыз – яғни, бірнеше аптаның ішінде", – делінген хатта.

АҚШ президенті бүгін дәл осындай хаттарды Малайзия (25%), Лаос (40%), Оңтүстік Африка (30%), Мьянма (40%), Жапония (25%) және Оңтүстік Корея (25%) елдерінің басшыларына да жолдады.

Бұған дейін Илон Маск өзінің "Америка" атты партиясын құрғандығын жазғанбыз.

АҚШ
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі