Елордалық азамат үйін жөндетемін деп 4 млн теңгесінен қағылды

Фото: pixabay
Астанада полицейлер құрылыс қызметтерін көрсетуге байланысты алаяқтық фактісін тергеп жатыр. 56 жастағы ер адам тапсырыс берушілерге қайта жоспарлау және реконструкциялаумен бірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берген.

Ол 4 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем алған, алайда ұзақ уақыт бойы жұмысқа кіріспей, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған.

Жәбірленушілер полицияға арызданған. Тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, оған елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарды мердігер таңдауда мұқият болуға шақырады: міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасасып, орындаушының лицензиясы мен тәжірибесін тексеріңіздер, кепілдіксіз ірі сомада ақша бермеңіздер.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі