Алматы хайуанаттар бағындағы "лас тоғандар": мамандар мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Хайуанаттар бағының қонақтары аумақтағы тоғандар мен көлшіктерге қатысты жиі шағым білдіріп жатады. Келушілердің пікірінше, зообақта тоғандарға тиісті күтім жасалмайды және тазаланбайды. Алайда, бүгін 2025 жылғы 8 шілдеде зообақ қызметкерлері бұл мәселеге қатысты нақты түсініктеме берді.

Маманның айтуынша, Алматы зоопаркінің тоғандарында өсімдіктердің көп екені рас. Алайда бұл – кездейсоқтық емес, керісінше әдейі жасалған экожүйенің бір бөлігі.

Белгілі болғандай, бұл өсімдіктер маңызды экологиялық қызмет атқарады:

"Бұл өсімдіктер — табиғи биофильтрлер, олар химиялық заттарды қолданбай-ақ экологиялық қауіпсіз ортаны сақтауға көмектеседі. Әсіресе жаздың аптап ыстығында бұл өте маңызды". Алматы хайуанаттар бағы

Сондай-ақ, хайуанаттар бағының бір тоғанында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жаңғақтұқымды лотос өсірілуде екені атап өтілді.

"Зообақтағы тоғандар артық өсімдіктерден тұрақты түрде тазартылып тұрады. Су айдындарын күтіп-баптау — халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі.Бұл біздің күнделікті жұмысымыздың бір бөлігі. Өйткені жануарларға қолайлы жағдай жасау — олардың айналасындағы табиғи, экологиялық ортаның тазалығынан басталады",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін Қазақстанда сиыр еті неге қымбаттап жатқандығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Қосымша табыс тапқаны үшін балалы ана мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін бе

Халықаралық іздеудегі "атыраулық хакер" Түркияда ұсталып, елге депортацияланды