Көлік полицейлері азаматтарды теміржол бойында жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауға шақырды

Фото: Zakon.kz
Жыл сайын еліміздің теміржолдарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамаудың салдарынан адамдар, соның ішінде балалар қайғылы жағдайға ұшырап, ауыр жарақаттар алып жатады.

Биылғы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінде азаматтардың теміржол көлігі жарақатын алудың 39 фактісі тіркелді, оның жартысынан көбі адам өлімімен аяқталды.

Олардың арасында кәмелетке толмаған және кішкентай балалар да бар. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев айтты.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғалар көбінесе азаматтардың теміржолда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады. Әдетте, белгіленбеген жерлерден теміржолды кесіп өту, асығыстық, немқұрайлылық, жаяу жүргіншілерге арналған көпірлерді, жерасты және арнайы өткелдерді пайдаланбау осындай жағдайларға әкеп соғады.

"Теміржол көлігі инфрақұрылымында бөгде тұлғалардың болуы олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, теміржол жолаушылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігіне, жүктердің тұтастығына және жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретіні анық", – дейді Оңдасын Аштаев.

Ол азаматтарды мейлінше қырағы болуға және теміржолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына теміржолдың ойнайтын жер емес екенін барынша түсіндіруді сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Магистратура грантына кімдер таласа алады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды