Астанада LRT құрылысына байланысты жолдарда тағы бір шектеу енгізілді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада Қабанбай батыр даңғылымен қиылысатын жол айрығы аумағында, Оңтүстік айналма жолының екі бағытында да көлік қозғалысы толықтай шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS мәліметінше, шектеу 12 шілдеде сағат 07:00-ден бастап 14 шілде сағат 07:00-ге дейінгі аралықты қамтиды.

"Бұл шектеу LRT құрылысы аясында уақытша металл тіреуді алып тастап, депоға апаратын көпірді сырлау және жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты енгізіледі. Көлік қозғалысы Аэропорт және Арнасай көшесі бағытындағы оң жақ ауыспа жолдар арқылы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан алдын ала жүретін бағытыңызды жоспарлап алуды сұраймыз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", делінген хабарламада.

Бүгін көліктегі полицейлер азаматтарды теміржол бойында жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауға шақырған болатын.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады