Туризм министрі Алакөл жағажайларында болып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкіметтік делегация құрамын бастап, Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курорттық аймағына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкімет делегациясы құрамында Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курортты өңіріне барды.

Жұмыс сапарының мақсаты – инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі мен демалыс жағдайын бағалау, сондай-ақ туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Көлдің екі жағалауына да тексеріс жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдар және бизнес өкілдерімен кездесулер өтті.

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Атап айтқанда, кейбір жағажайларда санитариялық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері, арнайы белгілер мен қоршаулар жоқ; су көліктеріне бақылау жеткіліксіз; құтқару мұнаралары мен ақпараттық құралдар тапшы. Қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар сақталмай отыр.

"Туристік қызметтердің сапасын арттыру – саланы дамытудың басты міндеттерінің бірі. Туристер ағынының артуына қарамастан, бірқатар курортты өңірде қызмет көрсету деңгейі заман талаптарына сай келмейді. Министрлік "Туристік қызмет туралы" Заңға міндетті стандарттар енгізу, өкілеттіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түзетулер әзірлеуде. Бұл қауіпсіздік, жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметті жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – отандық туристердің демалысын сапалы әрі қауіпсіз ету", – деді Ербол Мырзабосынов.

Тексеру нәтижесі бойынша бірқатар нақты тапсырма берілді:

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға нақты мерзім белгіленді. Министрлік бұл тапсырмалардың орындалуын қайта тексеруді жоспарлап отыр. Туристік демалыстың сапасы мен қауіпсіздігі – Үкімет пен министрліктің ұдайы бақылауында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аудартқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты