Алматы облысында полицейлер таулы аймақта адасып кеткен жасөспірімді іздеп тапты

Сурет: ҚР ІІМ
Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары аяғынан тік тұрып, түні бойы Ақтасты ауылы маңындағы таулы аймақта жоғалған 10 жастағы баланы іздестіріп, аман-есен тапты.

Полицияға түн ортасында хабар түскен. Белгілі болғандай, бала туыстарымен бірге тауға саңырауқұлақ теруге шыққан. Кенет ол ересектерден қалып қойып, жолдан адасып кеткен.

Жақындары өз күшімен іздеп көрген, алайда нәтиже болмаған соң, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары хабар түсе салып, шұғыл түрде іздестіруді бастады.

Қиын жер бедеріне, түнгі уақыт пен аумақтың нашар көрінгеніне қарамастан, іздеу жұмыстарын тоқтатпады. Есіл еңбек еш кетпей, таң ата бала табылды. Қуанышқа орай, ол еш жарақат алмаған, аман-есен ата-анасымен қауышты. Жақындары баланы іздестіруге атсалысқан құтқарушылар мен полицейлерге кәсібилігі мен жедел әрекеті үшін алғыс білдірді.

"Ең бастысы – бала аман-сау табылды. Мұндай жағдайда әр минут маңызды, біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз", – деп атап өтті полицейлер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды